Көшбасында қазақ боксшы. WBC Головкинді рейтингтен мүлде шығарып тастады

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) әр дивизиондағы рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) әр дивизиондағы рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жаңа тізімде орта салмақтағы қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) жоқ. Мұндай шешімге себеп боксшының ұзақ уақыт рингке шықпағаны болса керек, GGG 2022 жылы Сауль Канело Альварестен (60-2-2, 39 KO) жеңілгелі бері жекпе-жек өткізбеді.
Қазір жаңартылған рейтингтің көшбасында өзге қазақстандық - Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) тұр. Ал бұл салмақта ұйым чемпионы америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО).
Жарнама