Бокс
2 қазан 2019 10:26
 
"Қорқыныш бар". Головкин Деревянченкомен жекпе-жек алдында қатты қобалжып жүргенін мойындады

  Пікірлер

blog.share

"Қорқыныш бар". Головкин Деревянченкомен жекпе-жек алдында қатты қобалжып жүргенін мойындады © MatchroomBoxing

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпиоы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) Madison Square Garden аренасындағы украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жектен не күтетінін айтты.

"Қатты қобалжып тұрмын, тағатсыздана күтемін. Екінші үйіме оралғаныма қуаныштымын. Қолдау үшін бәріне алғыс айтамын. Әрине осы жекпе-жекті өткізгім келеді. Әлемдегі ең мықты мамандармен жұмыс істеймін, қарсыласым да күшті, Сергей. Оны көптен білемін, мықты боксшы. 

Бұл нағыз айқас. Шынын айтсам, аздаған қорқыныш бар, өйткені өте мықты қарсыласпен жұдырықтасамын. Мығым көрінеді, күшті әрі уақыты келгенін сезіп тұр. Бірақ қалай боларын ешкім білмейді", - деп келтіреді Головкиннің сөзін Worldboxingnews.net.

Жарнама

Живи спортом!