Қоржынға Азия чемпионатының тағы бір жүлдесі түсті
Қазақстан құрамасының мүшесі Карина Ибрагимова Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатының жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасының мүшесі Карина Ибрагимова Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатының жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ширек финалда Ибрагимова оңтүстік кореялық Им Аэджиді айқын басымдықпен жеңді. 57 келіге дейінгілер арасында сынға түсіп жатқан жерлесіміз қарсыласын 5:0 есебімен жеңді.
Ибрагимова осының арқасында сары құрлық додасында кем дегенде қола жүлдегер атанады.
Осыған дейін құрама қыздарының арасында Жайна Шекербекова (54 келі) мен Жазира Орақбаева (52 келі) жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде үшінші орын иеленуі мүмкін.
Еске салайық, бүгін 5 қараша күні кешкі сессияда ринг төріне Сәкен Бибосынов, Аида Әбікеева, Дариға Шәкімова және Валентина Хальзова шығады.
Жарнама