Бокс
23 мамыр 2017 10:17
 
Конвенцияның Бакуға ауыстырылуына байланысты қандай бокс жұлдыздарын Қазақстанда көре алмайтын болдық?

  Пікірлер

blog.share

Конвенцияның Бакуға ауыстырылуына байланысты қандай бокс жұлдыздарын Қазақстанда көре алмайтын болдық? © ToFight.Ru

Бүгін, 23 мамырда жыл сайын өтетін Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) 55-ші конвенциясы Әзірбайжан астанасы - Бакуде өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ал мұның алдында конвенция Астанада өтетіні хабарланған еді. Қазақстан астанасының өтініші 2016 жылы АҚШ-тың Флорида штатында 54-ші конвенция кезінде мақұлданған.

Айта кетейік, Астанада өтетін WBC конвенциясына Шугар Рэй Леонард, Марвин Хаглер, Майк Тайсон, Леннокс Льис, Эвандер Холифилд, Виталий мен Владимир Кличко, Костя Цзю, Мэнни Пакьяо, Василий Ломаченко, Александр Поветкин, Амир Хан, Хуан Мануэль Маркес, Рой Джонс, Роберто Дюран, Хулио Цезарь Чавес, Лейла Али және Джо Кальзаге келу керек болатын.

Сонымен қатар, Астанадағы конвенцияға Генндаий Головкин де келеді деген болжам айтылған. Алайда кейін Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек белгіленіп, боксшы алдағы маңызды жекпе-жегіне дайындалу керек болды.

Қазақстанның Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин Астанаға бокстан әлемнің 12 дүркін чемпионы кіші Флойд Мейвезер де келетінін айтқан.

Есек салайық, Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) 55-ші конвенциясы Астанада 31 тамыз бен 9 қыркүйек аралығы өтеді деп жоспарланған болатын. Бұл шараға WBC директорлары, қазіргі әлем чемпиондары мен үміткерлер, менеджерлер мен промоутерлер, төрешілер, тіпті медецина саласы мамандары және еріктілер ұйымынан жалы 500 делегат қатысу керек еді.

Жарнама

Живи спортом!