Бокс
26 қазан 2022 16:24
 

Қоңқабаев? Бокстан Азия чемпионатына қатысатын ерлер құрамасы белгілі

  Пікірлер

blog.share

Қоңқабаев? Бокстан Азия чемпионатына қатысатын ерлер құрамасы белгілі ©kazsports.kz

Əйелдердің ізін ала Иордания астанасы Амманда өтетін бокстан Азия чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан ерлер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

blog.share

Əйелдердің ізін ала Иордания астанасы Амманда өтетін бокстан Азия чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан ерлер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазір Қайрат Сəтжанов шəкірттері Алматы облысының Бәйтерек ауылындағы орталықта оқу-жаттығу жиынын өткізіп, шешуші жекпе-жектерге дайындалып жатыр. Тура 10 күн бұрын басталған бұл жиын 28 қазанда мəресіне жетеді. Дәл сол күні Ұлттық құрама Иорданияға аттанады. Осы тұста кей салмақтарда бəсекелестік өте жоғары болғаны сонша, кімнің баратынын анықтау қиындай түсті. Мәселен, бапкерлерге 63,5 келіде "Елорда Кубогі" халықаралық турнирінің жүлдегерлері - Мұхамедсабыр Базарбайұлы, Санатəлі Төлтаев пен Сұлтан Мусин арасынан тек біреуін таңдауы керек болды. Ал 75 келіге дейінгі салмақта ел чемпионы Нұрқанат Райысқа тəжірибелі Тұрсынбай Құлахмет пен жас та болса көзге түсіп жүрген Тимур Нұрсейітов пен Диас Нұржігітов тегеурінді қарсылық көрсетті.

Бүгін барлық сұраққа жауабын тауып, Амманда жұдырықтасатын боксшылар тізімі шықты:

48 келі - Санжар Ташкенбай. Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, жастар арасында әлем жəне Азия чемпионы, былтырғы ел біріншілігінің жеңімпазы. Астана қаласының өкілі. Жеке бапкері – Нұржан Насанов.

51 келі - Сəкен Бибосынов. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы. Түркістан облысының өкілі. Жеке бапкері – Мырзағали Айтжанов.

54 келі - Махмұд Сабырхан. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жастар арасында Азия чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері. Шымкент қаласының өкілі. Жеке бапкері – Ілияс Оралбеков.

57 келі - Серік Теміржанов. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жастар арасында Азия чемпионы. Павлодар облысының өкілі. Жеке бапкері – Азамат Мақажанов.

60 келі - Саматəлі Төлтаев. Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, жастар арасында Азия чемпионы, Қазақстан Спартакиадасының жеңімпазы. Маңғыстау облысының өкілі. Жеке бапкері – Мақсат Бақтыбазаров.

63,5 келі - Санатəлі Төлтаев, Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, жастар арасында Азия чемпионы, ересектер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері. Маңғыстау облысының өкілі. Жеке бапкері - Мақсат Бақтыбазаров.

67 келі - Дулат Бекбауов. Спорт шебері, ел чемпионы. Жамбыл облысының өкілі. Жеке бапкері – Нұрлан Ақүрпеков.

71 келі - Асыланбек Шымбергенов, Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Дүниежүзілік əскери ойындардың жеңімпазы. Жамбыл облысының өкілі. Жеке бапкері – Ермек Ертаев.

75 келі – Нұрқанат Райыс, Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, Қазақстан чемпионы. Атырау облысының өкілі. Жеке бапкері – Нұрлан Айтуаров.

80 келі – Нұрбек Оралбай, Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, жастар арасында әлем жəне Қазақстан чемпионы. Астана қаласының өкілі. Жеке бапкері – Асқар Еркебаев.

86 келі – Сағындық Тоғанбай, Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, жастар арасында бірнеше дүркін Азия чемпионы, жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионы. Түркістан облысының өкілі. Жеке бапкері – Мырзағали Айтжанов.

92 келі – Айбек Оралбай. Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, жастар арасындағы Олимпиада жеңімпазы, Қазақстан чемпионы. Астана қаласының өкілі. Жеке бапкері – Асқар Еркебаев.

+92 келі – Қамшыбек Қоңқабаев. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, əлем біріншілігінің финалисі. Қызылорда облысының өкілі. Жеке бапкері – Сейітжан Төкенов.

"Дайындық өте жақсы өтіп жатыр. ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Спортты дамыту дирекциясы мен Қазақстан бокс федерациясының арқасында бəсеке қарсаңында ешқандай қиындық болған жоқ. Бокс елімізде кең танылған, үнемі жанкүйерлер назарында болатын спорт түрі. Алдыңғы құрлық додасының нәтижесін қоғамның қалай талқылап, сынға алғаны əлі есімізде. Дубайда ерлер құрамасы алтынсыз қалғанын білесіздер. Биыл біз есе қайтарғымыз келеді. Мақсат - жалпы есепте көш бастау", - деді Спортты дамыту дирекциясына берген сұхбатында бас бапкер Қайрат Сəтжанов.

Бокстан XXXII Азия чемпионаты 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек. Ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта кім мықтыны анықтайды. Сары құрлық додасын әдеттегідей Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!