Бокс
30 қазан 2018 16:14
 
Қонақбаев сотта жеңіп, AIBA президенттігіне үміткер атанды

  Пікірлер

blog.share

Қонақбаев сотта жеңіп, AIBA президенттігіне үміткер атанды

Спорттық төрелік сот (CAS) Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясының вице-президенті Серік Қонақбаевтың апелляциясын қанағаттандырып, ұйым басшысы болуға сайлауға қатысуына рұқсат берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ұйым өкілдері Қонақбаевты үміткерлер тізімінен алып тастаған. Осы орайда Қонақбаев Спорттық төрелік сотқа шағым түсірген, CAS өкілдері қазақстандықтың апелляциясы тіркелгенін мәлімдеді. Қонақбаев 2-3 қарашада Мәскеуде ұйымның конгрессінде болатын сайлауға қатысуға бел буған.

"CAS пен бұл іске қатысушыларға менің шағымым бойынша әділ шешім шығарғаны үшін алғыс айтамын. Біз келтірген дәлелдерді CAS-тің оң қабылдағанына ризамын. Мен үшін АИБА президенттігіне үміткер атану үлкен құрмет. Енді басшылықты міндетті қолға алып, біздің ұйымымыз бен спортымызды ұлттық федерациялармен бірлесе отырып қайта жандандыратын мүмкіндігіміз бар", - деді Қонақбаев.

Апелляцияны қарап шыққан CAS заңгерлері AIBA сайлау комитеті Қонақбаевтың кандидатурасын заңсыз түрде алып тастағанын анықтаған.

"Маған президенттікке үміткер атануға мүмкіндік берді. Әрі қарай Президиумды ұтып алу үшін бар күшімді саламын. Мұны өзім үшін емес, біздің боксшылардың құқығын, олардың Олимпиададағы арманы мен үмітін қорғау үшін істегім келеді. Бұл міндетке үлкен жауапкершілікпен қарай отырып, 3 қараша күні Мәскеуде өтетін сайлауды асыға күтемін. АИБА-ның жарқын болашағы үшін қауымдастықтың барлық мүшелерінен менің кандидатурамды қолдауды өтінемін", - деп келтіреді Қонақбаевтің сөзін Olympic.kz.

Осы шешімге дейін Гафур Рахимов AIBA президенттігіне жалғыз үміткер еді.

Жарнама

Живи спортом!