Бокс
25 қазан 2019 10:22

"Қолынан не келетінін көреміз". Сарапшы Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің маңызды тұсын атады

Берік Сұлтанның фейсбук парқшасынан
BoxingScene шолушысы Джэк Донован Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында жеңілмеген қазақ боксшы Қанат Исламның (26-0, 21 КО) намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) жекпе-жегі туралы ойын айтты.


"Биыл орта салмақта тағы бір боксшы пайда болады. Қанат Исламның оралуы тамаша көрінді. Ол қауіпті қарсыласпен жұдырықтасқан жоқ, алайда, бірнеше секундта-ақ сұлатты. Дегенмен бұл дивизионда мықты боксшылар көп. Каутондоквамен жекпе-жек Ислам үшін бір сынақ секілді болады. Андраденің бұрынғы қарсыласы өте шыдамды, бұл қызығушылығымызды қоздыра түсті. Ислам оны кездесу басында нокаутқа түсіре алмайды. Бұл жекпе-жек оның қолынан не келетінін көрсетеді. 

Егер үмітті ақтаса, әлем чемпионымен келесі жылы-ақ жұдырықтаса алады", - дейді Донован.