Бокс
29 сәуір 2019 08:45
 
"Қол алыстық". Абель Санчес Голвкинмен соңғы кездесуі туралы

  Пікірлер

blog.share

"Қол алыстық". Абель Санчес Голвкинмен соңғы кездесуі туралы © reviewjournal.com

Америкалық бапкер Абель Санчес Behind The Gloves YouTube арнасына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) соңғы кездесуі қалай өткенін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жақында Головкин 2010 жылы жаттыға бастаған бапкермен жұмысын тоқтататынын мәлімдеген болатын. Мұны ол өзінің ары қарай ілгерлегісі келгендігімен түсіндірді және бапкердің кәсіби біліктілігіне қатысты еместігін айтқан. 

Ал Санчес өз кезегінде қазақстандық боксшыны "ашкөз және қайыры жоқ" деп айптады. Головкин DAZN-мен келісімшарттан кейін бапкердің еңбекақысын төмендеткісі келген екен, бапкер бұған келіспеген. 

- Сол оқиғадан кейін тілдестіңіздер ме?
- Аса сөйлескен жоқпыз. Бірнеше күн бұрын керек-жарақтарын алып, тағы бір жерге барамын деді. Мен: "Окей" дедім, қол алыстық, оған сәттілік тіледім, ол кетті. 

- Сіз оның кететінін алдын ала білдіңіз бе, өзі мәлімдеместен бұрын?
- Шынына келгенде, жоқ. Сәрсенбі таңғысын, 6:30-да біз екі бөлек келдік. Бұл уақытта жүгіруге шығамыз. Жолда көлікті көрдім, сол болды деп ойлаймын, бірақ, бұл мен ешқашан көрмеген көлік еді. Сосын, мен айтқандай, 6:45-те бір-екі ауыз сөзден кейін ол кетіп қалды. 

- Досыңызды жоғалтқандай сезімдесіз бе?
- Досым емес, ұлымды дер едім. Өйткені біздің залдағы жігіттердің бәрі біз үшін өмірін бәске тігеді. Біз оларды мұның қауіпсіз екеніне сендіруіміз қажет. Сондықтан мен өмірімнің маңызды бөлігін жоғалтқанымды сеземін. 

Айта кетейік, Головкин Абель Санчеспен 2010 жылдан бері жаттығып келген. Осы уақытта Головкин 22 жекпе-жек өткізіп, 20 жеңіске жетті (19 нокаут), бір рет тең түсті және бір рет жеңілді.

Жарнама

Живи спортом!