Бокс
7 желтоқсан 2020 12:15
 

"К...н айырамын". Әлемдегі ең мықты боксшы әйел ер адаммен жұдырықтаспақ

  Пікірлер

blog.share

"К...н айырамын".  Әлемдегі ең мықты боксшы әйел ер адаммен жұдырықтаспақ Cурет: MSN.com

Бокстан Олимпиада чемпионы және ММА файтері Кларесса Шилдс ер адаммен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды TMZ.

blog.share

Бокстан Олимпиада чемпионы және ММА файтері Кларесса Шилдс ер адаммен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды TMZ.

25 жастағы Шилдс блогер Джейк Полмен жекпе-жекке дайын екен. Пол болса Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жегі алдында баскетболшы Нэйт Робинсонды нокаутқа түсірген.

"К...н айырамын. Маған қарсы 80 келі салмақпен шыға алады, бірақ, жекпе-жек соңында 75 болып қалады. Өйткені ішіне толған нәжісті ұрып шығарамын", - дейді спортшы.

Шилдс Полдың кәсіпқой емес спортшымен жекпе-жегін сынап, оның Робинсонмен рингте кездесуін спортты мазақ ету деп есептейді.

1 желтоқсанда Шилдс Кәсіпқой жекпе-жек лигасымен (PFL) келісімшартқа отырды. Ол Олимпиадада екі рет жеңіп, кәсіпқойда бірнеше белбеу иеленген. Шилдс - ESPN және The Ring журналының тұжырымы бойынша әлемдегі ең мықты боксшы.

Жарнама

Живи спортом!