Бокс
15 қыркүйек 2022 12:01
 

"Кім ол сонша?". Головкин "Канело" туралы ойын ашық айтты

  Пікірлер

blog.share

"Кім ол сонша?". Головкин "Канело" туралы ойын ашық айтты ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске дөрекі жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

blog.share

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске дөрекі жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Канело өз сұхбаттарында Головкиннің карьерасын аяқтаймын деген болатын. Алдағы кездесу жәй ғана жекпе-жектен үлкен, жеке бастың мәселесі екенін айтқан.

"Оған бұл жеке мәселе шығар. Оның орнына сөйлеу дұрыс болмас. Мен мұны қалай көремін - DAZN-дағы соңғы жекпе-жек, ​​келісімшарт бойынша соңғы жекпе-жек, ​​көп уақыт өтті. Енді, міне, төрт жылдан кейін ол "нокаутқа түсіремін", "карьерасын аяқтаймын" деп айтып жүр. Ол менің карьерамды қалай аяқтайды? Менің карьерамды бастайтын немесе аяқтайтындай ол кім еді? Міне, ол өзін осылай көтермелеп отыр. Ол бұлай айтатын жаста емес, ондай жағдайда да емес. Егер бұл жеке мәселе болса, кездесу бірден болар еді. Ал қазір көп уақыт өтті, оның айтып жатқаны дұрыс емес", - деді Головкин.

Головкин "оның тарапынан сізді нокаутқа түсіремін деген түрлі мәлімдемелерді құрметсіздік деп санамайсыз ба" деген сұраққа да жауап беріп өтті. 

"Оның сөздерімен санаспаймын. Көптен бері оның айтқандарына мән бермейтін болғанмын", - деп жауап берді боксшы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!