Өзбекстандық Upl.uz порталы Таиландта өткен Азия чемпионатынан кейін қазақстандық боксшылардың әлсіз тұсын атады.
Сонымен қатар, басылым қазақстандық боксшыларға түзеу керек басты қателікті атады:"Таиландтағы Азия чемпионатында Өзбекстан құрамасы Олимпиаданың бес чемпионынсыз-ақ жалпыкомандалық есепте бірінші болды. Екінші орында Қазақстан. Бұл нәтиже Өзбекстан құрамасының әуесқой бокста қазір үстемдік етіп отырғанын дәлелдейді.
Өзбекстанның мықты боксшылары бармайтындықтан жарысқа дейін сарапшылар Қазақстан құрамасы алтынға басты үміткер деп есептеген. Оның үстіне бір күн бұрын қазақстандық бұрымдылардың бес алтын алуы мұны қуаттай түскендей болды. Алайда финалдағы алғашқы жекпе-жектерден-ақ Өзбекстанның басымдығы көрінді".
"Нәтижеге әсер еткен факторлардың бірі қазақстандық боксшылардың физикалық дайындығы болды. Кей жекпе-жектерде қазақ боксшылар жекпе-жекті сенімді бастағанымен, кейін баяулап, қарсыласынан жеңіліп отырды".