Кім қашып жүр? WBC чемпионы Жәнібектің "өтірігін әшкере етті"

Орта салмақта WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өзінен қашып жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өзінен қашып жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жеңіліп көрмеген қазақ боксшыда WBO және IBF белбеулері бар. Бір қызығы Жәнібек осы уақытқа дейін Адаместі қашқын деп келді және әлеуметтік желіде оны түртпектеп отыратын.
Енді Адамес керісінше мәлімдеме жасап отыр.
"Оны боксшы дей алмайсың. Ол шөжек. Өзі не, промоутері не, екеу де қорқақ. Басқа не деуге болатынын білмеймін. Мен оларға келісімшарт жібергенімді екеуі де білетін, соның арқасында ол меніңмен жұдырықаса алатын еді.
Біз оған ол келісімшартты жібердік, бар болғаны қол қою ғана қалған еді. Ол: "Маған келісімшарт жібер" деп айтатыны бар ғой, біз келісімшартты жіберіп, өзі соған қол қоймай тұра солай дейді ғой. Ол шөжек өзі қол қоймайды да, тек тауық сияқты қытқылдай береді.
Ол менімен айқасқысы келмейді. Ол менен қорқады. Жекпе-жекке шықса, оған спаррингтегіден де жаман болатынын біледі. Сондықтан қытқылдай береді", - дейді Адамес Broadway Joel-ге берген сұхбатында.
Еске салайық, Адамес 22 ақпанда британиялық Хамза Ширазбен (20-0-1) айқасып, тең түскен болатын. Ослай ол WBC титулын қорғап қалды.
Жарнама