"Кличко заманынан кейінгі ең үлкен айқас". Қазақ боксшы Германияда қолғап түйістіреді
Universum Boxing бокс ұйымы қазақстандық былғары қолғап шебері Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) мен германиялық Хуссейн Мухамед (17-0, 14 КО) арасындағы жекпе-жектің өтетінін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

10 раундқа жоспарланған айқас Германияның Оберхаузен қаласында 5 қараша күні өтеді. Кособуцкий өзіне тиесілі WBC International белбеуін қорғайды.
"Нокаутшы Жан Кособуцкий WBC International белбеуін Хуссейн Мухамедке қарсы қорғайды. Бұл бокс кеші Германияда Кличко заманынан бері суперауыр салмақтағы ең үлкен айқастардың бірі болмақ", - дейлінген промоутерлік компания анонсында.
Еске салайық, осыған дейін Жан Кособуцкий түркиялық Умут Чамкаринмен (18-0, 17 КО) қолғап түйістіруі тиіс еді. Алайда соңғы сәтте келіссөздер нәтижесі сәтсіз болды.
Жарнама