"Қиындықсыз жеңемін". "Канелоның" 47 жастағы экс промоутері Головкинмен жекпе-жекке өзі шықпақ
1992 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы және кәсіпқойда алты салмақта бұрынғы әлем чемпионы 47 жастағы промоутер Оскар Де Ла Хойя (Golden Boy Promotioons) карьерасын жалғастырып, ең мықты боксшылармен жұдырықтаспақ,- деп хабарлайды vRINGe.com.

The Ak & Barak Show радио-шоуының эфирінде ол қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтаспақ ниетте екенін мәлімдеді: 2021 жылы рингке ораламын. Шынайы жекпе-жек туралы айтып отырмын. Қарсыласқа қатысты, бүгін біреу мені бірден қызықтырған боксшының есімін атады. Қалжың емес, рас айтып отырмын. Головкин немесе сол сияқты мықты боксшымен жекпе-жек өткізуге ниеттімін. Ондай стильдегі боксшыны мен қиындықсыз жеңемін. Жақында көреміз...
Жарнама