Бокс
29 наурыз 2019 12:33
 
"Кездессек не болары белгісіз". WBO чемпионы Головкинмен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

"Кездессек не болары белгісіз". WBO чемпионы Головкинмен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады © Finoboxing

Бірінші орта салмақта WBO чемпионы Хайме Мунгия (31-0, 26 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасқысы келетінін айтады. Бұл туралы ол 13 сәуірде Деннис Хоганмен (28-1-1, 7 КО) жекпе-жек алды баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

"Өзімді №1 сезінемін. Головкинмен кездесу өткізсек - не боларын ешкім білмейді. Бір жыл бұрын да дайын едім, ал енді одан да күшті сезініп отырмын. Қазір бар назарым 13 сәуірдегі жекпе-жекте. Осыдан кейін Головкинмен жұдырықтасуға қуанышты болар едім", - дейді Мунгуя. 

Еске салайық, Мунгуя 2018 жылы мамырда Головкинге қарсылас болу керек еді. Алайда Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалықтың тәжірибесі жеткіліксіз деп GGG-мен жұдырықтасуға тыйым салды. 

Айта кетейік, Мунгуя мен Головкин DAZN стриминг қызметімен келісімшартта. Екі боксшының келісімі де үш жылға есептелген. 

Жарнама

Живи спортом!