Кейінгі қарсыласын 69 секундта құлатқан Жүкембаев жаттығуын көрсетті
Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Джукембаев (19-1, 15 КО) жаттығуының видеосын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Джукембаев (19-1, 15 КО) жаттығуының видеосын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кейінгі рет Батыр былтыр желтоқсанда Монреальда (Канада) жұдырықтасты. Ол кезде қазақ боксшы мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті (28-11, 20 KO) бірінші раундтың 69-секундында нокаутқа түсірген болатын.
Жүкембаевтың енді рингке қашан оралатынын белгісіз.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы WBC чемпионы мексикалық Оскар Вальдес (30-0, 23 КО) және WBO титулына ие америкалық Шакур Стивенсон (17-0, 9 КО) айқасының андеркардында шықпақ еді. Алайда боксшының командасы оған нақты шақырту алмады.
Жарнама