Аргентиналық Хуан Эрнан Леао (15-2, 4 КО) жартылай орта салмақта IBO чемпиондығы үшін айқаста Данияр Елеусіновтен (11-0, 6 КО) жеңілгеніне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Нұр-Султанда өткен 12 раундты жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Даниярға берген болатын.
"Осы титул үшін әлемнің арғы бұрышынан келдік, бірақ, бұл жеткілікті болмапты. Мақсатыма жете алмағаным үшін бүкіл Аргентинадан кешірім сұраймын. Алайда бұл жерден арым таза күйде кетіп барамын, өйткені мен барымды салдым. Әрбір қолдау хабарлама үшін барлығына алғыс білдіремін! Бұл менің көңіліме медеу болды", - дейді боксшы.