TheAthletic ақпаратынша, келесі жекпе-жегінде Головкин польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Мұның алдында қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер оның атын GGG-ге қарсылас болуы мүмкін боксшылар қатарында атаған еді.
"Головкин белбеуін қорғау бойынша Шерметамен келісім жасап қойып, жекпе-жекті міндетті қорғау ретінде тіркеу үшін IBF мақұлдауын күтіп отыр деген ақпарат бар. Бұл жекпе-жек келесі жылдың басында өтеді, егер Сауль Альварес трилогияны мамырда өткізгісі келмесе", - деп келтіріпті басылым мәліметін журналист Майкл Бенсон твиттер желісінде.