Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жекке келісті. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер хабарлады.
Мәлімет бойынша, боксшылардың командасы бірнеше ай бұрын келісімге келген екен. Ал жекпе-жектің өзі 2021 жылға белгіленіп отыр.
Мұның алдында трилогия үшін "Канело" 45 миллион доллар, ал Головкин 30 миллион алатыны белгілі болды.
Оған дейін боксшылар бір-бір жекпе-жектен өткізеді. Осылайша, Головкин қазан не қарашада польшалық Камил Шереметамен ал "Канело" 12 қыркүйекте екінші орта дивизионның WBA "суперчемпионы" британиялық Каллум Смитпен жұдырықтасады.