Жеңілмеген бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 KO) келесі қарсыласы болуы ықтимал Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 KО) қарата батыл пост жариялапты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"GGG ең жақсы формаңда бол, мен сені жоқ қыламын, мені таппай қаласың", - деп жазыпты Фалькао Twitter желісінде.
Дегенмен бразилиялықтың соңғы сөз тіркесі түсініксіз - "мені таппай қаласың", мүмкін бұл оның ағылшын тілін нашар білетіндіктен ойын дәл жеткізе алмағандықтан болар.
Еске салайық, WBA және IBF ұйымдарының ортақ шешімі бойынша Головкин міндетті қарсылас болып келетін Фалькаомен айқасуы тиіс.