"Қазірдің өзінде жеңіліп қалды". Аңыз боксшы "Канело" туралы не ойлайтынын айтты
Үш салмақта бұрынғы әлем чемпионы 58 жастағы мексикалық Хулио Сезар Чавес (107-6-2, 85 КО) отандасы Сауль Альваресті (55-1-2, 37 КО) ұлы боксшы деп есептемейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды fightnews.info.

Чавес 30 жастағы "Канело" өзі жеткен биікті бағындыра алмайтынын айтты.
"Канело" - тамаша боксшы, ол қазір қолжеткізгеннің бәріне лайықты. Бірақ ол менен асып түсе алмайды, өйткені қазірдің өзінде жеңіліп қалды, ал мен тоқсан жекпе-жекке жеңіліссіз жеткенмін. Біздің жұдырықтасу стиліміз бөлек. Қайталап айтамын, ол қазір қолында барына лайықты және кейде әділсіз сын естіп жатады, алайда, жанкүйерлер әрқашан сондай болған", - дейді аңыз боксшы.
Жарнама