Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Келли Павлик мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) қазіргі дивизионда қалып, одан жоғары көтерілмейді деп есептейді. Сонымен қоса, ол қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші айқас қажеттілігі мен "Канелоға" кім қауіпті екені туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды vRINGe.com.
"Бұрынғыдай өзекті емес деп ойлаймын. Головкиннің жасы келді. Жеке өз басым мұны көргім келмейді. Чарломен басқа әңгіме. Ол жерде хайп көп, сондықтан қызық болады. Алайда Чарло алдымен Сондерс немесе Плантпен шығу керек, "Канеломен" айқасқа лайықты болу үшін. Маған Бенавидес ұнайды, ол да, "Канело" да көптен бері осы салмақта. Сосын иә, Давид - Альварес үшін шынайы қауіпті деп есептеймін. Ол "Канело" үшін ең ауыр сынақ", - дейді Павлик.
Келли Сауль Альваресті сынайтындар туралы да пікір білдірді.
"Канело" қазір бокстағы қабан. Бірақ бәріне ұнауға тырыспау керек. Олай болмайды. Мәселен, "Канело" Калеб Плантты жеңді, ал жанкүйерлер: "Сабайтыны айдан анық боды ғой" дейді. Бірақ жекпе-жекке дейін басқаша сөйлеген еді. Билли Джо Сондерспен де солай болды. Енді Джермалл Чарломен шықса да наразылар көп болады. "Өзінен кішіге ғана шамасы келеді, өйткені Джермалл орта салмақта, ал "Канело" жартылай ауырда да жұдырықтасты" дегендей.
Ал жалпы "Канело" 69,9 келіде өте мықты деп ойлаймын. Ол тіпті крузерге де (200 фунтқа дейінгі категория) де баруы мүмкін. Дегенмен ол жерде бәрі басқаша. Қанша мықты болсаң да үш, төрт, тіпті бес салмақ дәрежесін ауыстыру мүлде басқаша жағдай. Бұл қуіпті болып барады. "Канело" Артур Бетербиевпен де жұдырықтаса алатынын білемін, бірақ, 76,2 келіде Давид Бенавидеске (25-0, 22 КО) қарсы көргім келеді", - дейді ол.