Қазастандық нокаутшының АҚШ-тағы жекпе-жегі мүлде күтпеген нәтижемен аяқталды
АҚШ-тың Талса қаласында өткен бокс кешінде ауыр салмақтағы қазақстандық Жан Кособуцкий (19-1, 18 KO) мен нигериялық Эфе Аджагба (18-1, 14 KO) жекпе-жеке шықты, деп хабаралйды Vesti.kz.
АҚШ-тың Талса қаласында өткен бокс кешінде ауыр салмақтағы қазақстандық Жан Кособуцкий (19-1, 18 KO) мен нигериялық Эфе Аджагба (18-1, 14 KO) жекпе-жеке шықты, деп хабаралйды Vesti.kz.
Айқас 10 раундқа есептелген болатын, алайда төртінші раундта қазақстандық боксшы дисквалификацияға ұшырады.
Үшінші раундта Кособуцкий қарсыласын екі рет белден төмен ұрды да ұпайдан айырылды. Алайда нигериялық Кособуцкийді белден төмен ұрғанда, оған ескерту де айтылмады.
Төртінші ранудта қазақстандық боксшы тағы да бір рет қарсыласын белден төмен ұрып, төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, Кособуцкий дисквалификация есебінен жеңілді. Бұл оның карьерасындағы алғашқы жеңіліс және АҚШ жеріндегі бірінші жекпе-жегі еді.
W ten weekend ulubionym ciosem piesciarzy jest "low blow" ? Najpierw Zhan a pozniej Ajagba sie odwdzieczył ? #AjagbaKossobutskiy pic.twitter.com/JFvQjFYlCg
— Krzysztof Wisniewski (@KrisWisniewski3) August 27, 2023
Жарнама