Бокс
27 тамыз 2022 15:34

"Қазақтың патшасы" кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін қашан өткізетінін айтты

©instagram.com/viktor.boxerkz/

"Қазақтың патшасы" деген лақап аты бар Виктор Коточигов (12-2, 5 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында шаршы алаңға қашан оралатынын айтып берді. 

"Мен карьерамды аяқтамадым. Жаттығып жатырмын. 9 шілде күні шаршы алаңға шығу керек едім. Кейін 20 шілдеге ауыстырылды. Бұл жекпе-жекті Tukeshev Boxing ұйымдастыру керек болған. Бірақ содан соң да кейінге қалды. Бұған қарамастан мен бабымдамын. Кез-келген уақытта шаршы алаңға шығуға дайынмын. Енді күзде кездесу өткізу керекпін. 

Шаршы алаңға шықпағаныма шамамен бір жылдай уақыт болды. Қазақстанда кездесу өткізгім келеді. Дегенмен жол болмай жатыр. Кездесулерім қайта-қайта кейінге шегеріліп жатыр. Соған қарамастан Алматыда дайындалудамын. 

Жуырда бәрі белгілі болады. Әрине, мықты жоспарларым бар. Алайда қазір оны айтпай-ақ қояйын. Жақында жақсы жаңалықпен бөлісемін", - деді Коточигов. 

Айта кетейік, Коточигов соңғы рет шаршы алаңға 2021 жылдың 12 наурызында шығып, ұлыбританиялық Гэри Каллиден (13-0, 7 КО) жеңіліп қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport