"Қазақтың Ломаченкосы" Еуропа чемпионын нокдаунға түсіріп кіші ӘЧ финалына шықты
Қазақстан құрамасының мүшесі Махмұд Сабырхан Болгария астанасында өтіп жатқан "Странджа кубогінің" финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасының мүшесі Махмұд Сабырхан Болгария астанасында өтіп жатқан "Странджа кубогінің" финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жерлесіміз жартылай финалда жергілікті елдің өкілі, 2015, 2017 жылдары Еуропа чемпионы атанған Даниел Асеновпен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте Сабырхан 4:1 есебімен жеңіске жетті. (30-27, 29-28, 29-28, 29-28, 28-29). Соңғы раундта төреші Асеновтің нокдаунға түсіп қалғанын тіркеді.
Еске салайық, Махмұд Сабырхан 2021 жылы алғаш рет әлем чемпионатына қатысып күміс жүлдегер атанған соң, көпшілік оны "қазақтың Ломаченкосы" деп атап кетті.
Жарнама