Қазақты комаға түсірген нокаутшы Канелоның өзі қорқатын чемпионмен айқасады

Жартылай ауыр салмақта WBC ұйымының уақытша чемпионы америкалық Давид Бенавидес (29-0, 24 КО) WBA Regular титулына ие кубалық Давид Моррелмен (11-0, 9 КО) жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді.
Жартылай ауыр салмақта WBC ұйымының уақытша чемпионы америкалық Давид Бенавидес (29-0, 24 КО) WBA Regular титулына ие кубалық Давид Моррелмен (11-0, 9 КО) жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді.
"Көптеген боксшының аты жазылған тізім үстелде жатты, бірақ мен жанкүйерлеріме ең мықты жекпе-жекті тарту еткім келді. Давид Моррел және оның командасымен келісімшарт жасадық. Бұл ғаламат айқас болады!!! Дивизиондағы ең мықты екеу 2 титулды сарапқа салады. Жекпе-жек орны мен күні жуырда хабарланады", - деп жазыпты Бенавидес Instagram желісінде.
Еске салайық, Моррел 2022 жылы қарашада Айдос Ербосынұлын (16-1, 11 КО) нокаутқа түсірген еді. Жекпе-жектен кейін басына қан құйылған қазақ боксшыны ауруханаға алып кетіп, жасанды комаға түсірген еді. Айдосқа операция жасалды. Содан кейін Ербосынұлы рингке шыққан емес.
Ал Бенавидесті мексикалық Сауль Канело Альварес (62-2-2, 39 КО) үшін ең қауіпті боксшы деп атайды. Давид оны қаншама рет жекпе-жекке шақырғанымен Канело онымен жұдырықтасудан "қашып" жүр.
Жарнама