Қазақтандық боксшы әлем чемпионатында қарсыласын нокдаунға екі түсірді

Польшаның Кельц қаласында жастар арасында бокстан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күні 56 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Ерболат Сабыр венгриялық Герго Жаразды жеңді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Ерболат жекпе-жекте 5:0 (30:25, 30:25, 30:24, 30:27, 30:25) есебімен жеңіске жетті, сонымен қоса, ол қарсыласын бірінші және үшінші раундта нокдаунға түсірген.
Осылайша, Ерболат турнирдің 1/8 финалына шығып отыр.
Еске салайық, бұл жарысқа Қазақстан құрамасынан 20 боксшы аттанды - он бозбала мен он бойжеткен.
Жарнама