Қазақстанның үстемдігі мен Джалаоловтың ізбасарының күйреуі: АЧ жартылай финалының қорытындысы
Таиландта өтіпжатқан бокстан Азия чемпионатында жартылай финал жекпе-жектері өтті. Бұл кезеңге жеткен қазақстандық он боксшының біреуі ғана финалға жолдама ала алмады.
Таиландта өтіпжатқан бокстан Азия чемпионатында жартылай финал жекпе-жектері өтті. Бұл кезеңге жеткен қазақстандық он боксшының біреуі ғана финалға жолдама ала алмады.
Финалға жеткен тоғыз қазақстандық боксшы:
Айбек Оралбай (92 келіден аса), Сағындык Тоғамбай (92 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Санжар Тәшкенбай (48 кг), Махмұт Сабырхан (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг) және Дулат Бекбауов (67 кг) финалға өткен болатын.
Ал 1/2 финалда өзбекстандық Турабек Хабибуллаевтан жеңілген Ерасыл Жәкпеков (90 кг) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Салыстырмалы түрде өзбекстандық 11 боксшыдан финалға оны өтті. Өзбекстан құрамасынан жартылай финалда жеңілген жалғыз боксшы - Джахонгир Зокиров. Баходир Джалоловтың ізбасары 1/2 финалда Айбек Оралбайдан жеңілді.
Енді ерлер арасындағы алтын үшін жекпе-жектер 11 желтоқсанда өтеді
Жарнама