28 жастағы қазақстандық Римма Волосенко Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатындағы бірінші кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы жарысты 1/4 кезеңінен бастады. 60 келі салмақта оның қарсыласы моңғолиялық Монхор Намун болды. Үш раунд қорытындысы бойынша боксшы қызымыз төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.
Жартылай финалға өткен Волосенко Азия чемпионатының жүлдесіне ілігіп отыр. Римма 1/2 финалда жеңіске жетсе, алтын үшін таласады. Жеңілген жағдайда күміс жүлдегер атанады.