Бокс
24 шілде 2018 16:56
 
Қазақстанның жастар чемпионатының жүлдегері Амир Ханның бапкерімен жаттығып жатыр

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанның жастар чемпионатының жүлдегері Амир Ханның бапкерімен жаттығып жатыр Сұлтан Зауырбек. © Әлеуметтік желіден

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Жастар арасында вице-чемпион қыркүйекте кәсіпқой боксқа ауыспақ, - деп хабарлайды Vesti.kz.

22 жастағы Сұлтан испаниялық Марбелья қаласына жаттығуға аттанды. Мұнда ол бір айлық дайындық курсынан өтіп, Лондонға аттанады. Алғашқы жекпе-жек туралы әзірге ақпарат жоқ. 

"Еуропа немесе АҚШ", - деп пайымдады Сұлтанның өзі. 

Қазақстандықты жаттықтырумен бұрынғы чемпион Гильермо Ригондо (17-1, 11 КО) мен Амир Ханның (32-4, 20 КО) бапкері Хорхе Рубио айналысып жатыр. Сұлтан екінші жеңіл салмақта жұдырықтасатын болады. 

Мұның алдында Сұлтан тағы бір қазақстандық Нұртас Әжбеновпен бірге британиялық MTK Global менеджерлік компаниясымен келісімшарт жасасқаны белгілі болған. Бұл ұйымның басты жұлдыздары британиялық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) және ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион Тайсон Фьюри (26-0, 19 КО).

MTK Global иесі бұрынғы боксшы Мэтью Маклин (35-6, 22 КО). 2013 жылы ол қазақстандық Геннадий Головкинге нокаутпен жеңілген. 

Жарнама

Живи спортом!