Қазақстандық боксшы Римма Волосенко Бусто-Арсициодағы (Италия) лицензиялық турнирді жеңіспен бастады.
Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде Тринидад және Тобаго елінен келген Сах Гайды жеңіп шықты. 60 келіге дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте Римма қарсыласынан айқын басым болды.
Риммаға дейін шаршы алаңға шыққан ерлер арасында Сәкен Бибосынов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген болатын. Бүгін Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, Бусто-Арсициодағы лицензиялық турнир 11 наурызға дейін жалғасады. Ерлер арасында – 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынады.