Қазақстан құрамасының боксшысы Римма Волосенко әйелдер арасындағы әлем чемпионатының бірінші айналымында ұтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
60 келі салмақта өнер көрсететін отандасымыз Ыстамбұлда өтіп жатқан біріншілікте ағылшындық Шона Уайтвеллден ұтылды. Үш раундтық қорытындысы бойынша 3:2 есебі тіркелді.
Еске салайық, осыған дейін әлем чемпионатының екінші айналымына қазақстандық боксшылардан Алуа Балқыбеков (48 келі), Жайна Шекербеков (52 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Дина Жоламан (54 келі) және Валентина Хальзова (70) жеңіске жетті.
Ал Назым Қызайбай (50 келі), Аида Әбікеева (63 келі) және Надежда Рябец (75 келі) алғашқы айналымда жеңіліп қалды.