Қазақстандық "Нокауттар сұлтаны" экс чемпионмен айқасқа шығады

Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбектің (19-0, 13 КО) келесі жекпе-жегінің уақыты мен қайда өтетіні белгілі болды, деп жазады Vesti.kz.
Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбектің (19-0, 13 КО) келесі жекпе-жегінің уақыты мен қайда өтетіні белгілі болды, деп жазады Vesti.kz.
"Нокауттар сұлтаны" 5 сәуір Астанада өтетін бокс кешіне қатысып, оңтүстік африкалық Азинго Фузилемен (18-2, 12 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек екінші жартылай жеңіл салмақта өтеді және она раундқа есептелген.
Фузиле бұрын IBF Inter-Continental чемпионы болған және IBF ұйымының "африкалық" титулын иеленген еді.
Айта кетейік, Астанадағы бокс кешінің басты айқасында орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) титулдарын франциялық Анауэль Нгамиссенгеге (14-0, 9 КО) қарсы қорғайды.
Жарнама