Қазақстандық нокаутшының дисквалификациямен жеңілуінің салдары айтылды
Америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында нигериялық Эфе Аджагбаға (18-1, 14 KO) қарсы жекпе-жекте қазақстандық Жан Кособуцкийдің (19-1, 18 KO) шеттелгеніне қатысты пікір білдірді.

"Жиіркенішті айқас, ақымақтық". Шетелдік БАҚ қазақстандық нокаутшының алғашқы жеңілісі жайлы
"Бұл бассыздық болды. Келісемін, Аджагба лас боксшы, бірақ Кособуцкийдікі - опасыздық болды. Сондықтан оның дисквалификациясы әділ. Оның лас соққыны жиі қолданғаны мені таңдандырды. Осындай деңгейдегі жекпе-жекте төрешінің бақылауы жоғары болатынын түсінбеді ме? Енді қазақстандық бкосшының АҚШ-тағы болашағы осымен бітті деуге болады, ал Аджагба болса Джошуамен жекпе-жекке шығатын шығар", - дейді Маккаферри.
Жарнама