Қазақстандық нокаутшы Олимпиада чемпионымен айқас жайлы ойын айтты

Суперауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) өзбекстандық Баходир Джалоловпен (10-0, 10 КО) жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Суперауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) өзбекстандық Баходир Джалоловпен (10-0, 10 КО) жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
33 жастағы Кособуцкий Германияда Йохан Дюопамен (39-6, 26 КО) жекпе-жекке шығу керек болған, алайда, бұл кездесу өтпей қалды. Одан кейін Жанға өзбекстандық боксшыны қарсылас ретінде "ұсынды".
- Бәрі мүмкін. Бірақ бұл әлі сөз жүзіндегі сыбыс қана. Ешкім нақты ұсыныс жасамады.
- Егер бұл әлі жоспар ғана болса, алда қандай айқас?
- 21 мамыр Гамбургтегі үлкен аренада. Дайындалып жатырмыз. Бәрі жоспар бойынша. Дюопамен айқас.
Айта кетейік, Кособуцкий мен Дюопа аса ауыр салмақтағы WBC International титулын сарапқа салады.
Жарнама