Қазақстандық нокаутшы қарсыластарының бәрін сұлатқан америкалықпен айқасады

"Ірі Балақай" лақап атты 23 жастағы америкалық Джаред Андерсон (13-0, 13 КО) 34 жастағы қазақстандық Жан Кособуцкиймен (19-0, 18 КО) WBC Silver белбеуін сарапқа салатын басты үміткер атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында дағыстандық Арсланбек Махмудов (15-0, 14 КО) Кособуцкиймен жекпе-жек орнына нигериялық Эфе Аджагбамен (17-1, 13 КО) айқасты таңдағаны белгілі болды.
Еске салайық, Жан мен Арсланбек жекпе-жегін WBC ұйымы былтыр белгілеп қойған болатын. Бұл кездесу 2023 жылдың мамырында өту керек еді. Осы айқастағы жеңімпаз рейтингте бірінші орынға шығып, WBC чемпионы әйгілі Тайсон Фьюриге (33-0-1, 24 КО) міндетті қарсылас атанар еді.
Жарнама