31 жастағы қазақстандық сегіз раундтық жекпе-жекте 33 жастағы аргентиналық Маркос Антонио Аумадамен (21-8, 16 КО) жұдырықтасады. Екі боксшы үшін де бұл 2020 жылдағы алғашқы кездесу.
Аргентиналық карьерасын 2011 жылы жартылай ауыр салмақта бастаған. Кейін бірінші ауыр категорияға өтіп, WBC ұйымының аймақтық титулын иеленген. Германиядағы жекпе-жек үшін ол үшінші рет шетелге шығады. Мұның алдында Ресей мен ОАР-да жұдырықтасқан.
Ал Кособуцкий ксәіпқойдағы бірінші жекпе-жегін 2017 жылы өткізді. Былтыр қарашада IBO желісіндегі International Boxing Organization Inter-Continental титулын жеңіп алған. 2019 жылы ол рингке төрт рет шығып, бәрінде нокаутпен жеңген.