Қазақстандық нокаутшы АҚШ-тағы жеңілістен кейін мәлімдеме жасады
Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (19-1, 18 КО) АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (19-1, 18 КО) АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
27 тамыз Талсада өткен айқаста бірнеше тыйым салынған соққы үшін қазақстандық боксшыны жекпе-жектен шеттеді. Осылайша, Жанның АҚШ-тағы дебюті сәтсіз болды. Ол карьерасында алғаш рет жеңіліп, WBC Silver белбеуінен айырылып қалды.
"Бәріне ассалаумағалейкум! Бір апта болды үйдеміз. Аман-есен жетіп алдық. Енді өз сағаттық белдеуіміз бен климатқа икемделіп жатырмыз. Үйде жақсы - өз асың, суың, адамдар да жақын. Бірінші кезекте жанкүйерлер, достар, жақындар мен осы кезеңде бізге қолдау білдіргендердің бәріне алғыс айтамын. Енді алдағы боксқа қатысты жағдай туралы қандайда бір жаңалықтан кейін түсінік болатын шығар. Ал әзірге жаттығу", - деп жазыпты боксшы Instagram желісіндегі стористе.
Жарнама