Қазақстандық Мәдиев титулды айқас алдында қарсыласына сес көрсетті
Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (13-1, 5 КО) пуэрторикалық Даниэлито Зорильямен (14-0, 11 КО) болатын титулды жекпе-жекке қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (13-1, 5 КО) пуэрторикалық Даниэлито Зорильямен (14-0, 11 КО) болатын титулды жекпе-жекке қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл кездесу 4 наурыз Пуэрто-Рикода өтеді. Он раундты айқаста бірінші жартылай орта салмақтағы WBO NABO титулы сарапқа салынады.
"Зорилья - сыйлы, жеңілмеген боксшы, оның үстіне өз жерінде болады, дегенмен, ол ешқашан мен сияқты қарсыласпен жұдырықтасып көрген емес. Осындай боксшы жеңу менің карьерамды биікке көтереді. Пуэрто-Рикодағы бокс кешінде Даниэлито Зорильямен жұдырықтасатыныма қуаныштымын. Жаттығу лагері тамаша өтті және мен әдеттегідей айқасқа дайынмын. Сонымен қоса, отбасым мен жанкүйерлерім жекпе-жегімді Қазақстанда тікелей көре алатынына алғысымды білдіремін", - деп береді Мәдиевтің сөзін Boxing247.com.
Жарнама