Бокс
28 қараша 2023 12:36

Қазақстандық кәсіпқой өзбекстандық "Тайсонмен " жекпе-жекке шығады

©diamondring.kz

Екінші жартылай жеңіл салмақта WBA Inter-Continental белбеуіне ие қазақстандық кәсіпқой Бекман Сойлыбаевтың (17-1, 8 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бекман 2 желтоқсан Түркияның Трабзон қаласында өтетін бокс кешіне қатысады. Оның қарсыласы "Кішкентай Тайсон" лақап атты өзбекстандық Мирзамухаммад Хикматуллаев (9-5, 6 КО) болады. Жекпе-жек тоғыз раундқа есептелген. 

33 жастағы қазақстандық үшін бұл 2023 жылы үшінші жекпе-жек болады. Кейінгі рет Сойлбаев Ташкентте украиналық Александр Егоровты (20-9-1, 10 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport