Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Асхат Жантұрсынов (6-1, 5КО) кәсіпқойдағы кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ыстамбұлда өткен бокс кешінде ол жергілікті Сердар Ширинмен (2-1-1, 1КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, бұл Асхаттың карьерасындағы жетінші айқасы. Бұл кездесуде Жантұрсынов қарсыласын бір соққымен нокаутқа түсірді.
Осылайша, карьерасында алтыншы рет жеңіске жеткен Асхат UBO тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанды. Ар түркиялық боксшы карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр.
Айта кетейік, бұл Жантұрсынов үшін 2021 жылдан бергі алғашқы айқас. Ол кезде Асхат карьерасында алғаш рет әзірбайжандық Сурат Гараевтан жеңілген болатын.