Бокс
15 қазан 2018 08:57
 

Қазақстандық кәсіпқой 57 секундтық нокауттан кейін әлемдік рейтингте жоғарлады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық кәсіпқой 57 секундтық нокауттан кейін әлемдік рейтингте жоғарлады Садриддин Ахмедов. Сурет: facebook.com/eottmboxing/

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (4-0, 4 КО) өз дивизионында 36 сатыға өрледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінде 20 жастағы Ахмедов мексикалық Хесус Хавьер Мендозамен жұдырықтасқан. Алты раундқа есептелген жекпе-жек алғашқы раундтың 57-ші секундында аяқталды. Жеңіс техникалық нокаутпен есептелді. 

Ахмедов үшін бұл төрт жекпе-жегіндегі төртінші жеңіс, ал 29 жастағы Мендоза алтыншы рет жеңілді. Сонымен бірге, мексикалық кәсіпқой рингте жеті рет жеңіске жетіп (алтауы нокаутпен), бір рет тең түскен. 

Бұл жетістік Ахмедовке BoxRec рейтингінде 231 орынға көтерілуге мүмкіндік берді. 

Ахмедов кәсіпқой рингке биыл шыққан. Ал әуесқой бокста 2016 жылғы жастар чемпионатының жеңімпазы атанды. Қазақстандықтың кәсіпқой бокстағы жекпе-жектерінің барлығы Канадада өтті. Қазақстандықтың ісін Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы жүргізеді. Сонымен қатар, бұл компанияда тағы үш қазақстандық бар - Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО), Нұрзат Сабыров (7-0, 6 КО) және Абылайхан Құсайынов (9-0, 6 КО).

Айта кетейік, Құсайынов та осы бокс кешінде жұдырықтасып, екінші раундта өзге мексикалықты нокаутқа түсірді. Осылайша, ол әлемдік рейтингтің ТОП-100 боксшылар тізіміне кірді. 

blog.share
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (4-0, 4 КО) өз дивизионында 36 сатыға өрледі, - деп хабарлайды 
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінде 20 жастағы Ахмедов мексикалық Хесус Хавьер Мендозамен жұдырықтасқан.
Алты раундқа есептелген жекпе-жек алғашқы раундтың 57-ші секундында аяқталды.
Жеңіс техникалық нокаутпен есептелді.
 

Ахмедов үшін бұл төрт жекпе-жегіндегі төртінші жеңіс, ал 29 жастағы Мендоза алтыншы рет жеңілді.
Сонымен бірге, мексикалық кәсіпқой рингте жеті рет жеңіске жетіп (алтауы нокаутпен), бір рет тең түскен.
 

Бұл жетістік Ахмедовке BoxRec рейтингінде 231 орынға көтерілуге мүмкіндік берді.
 

Ахмедов кәсіпқой рингке биыл шыққан.
Ал әуесқой бокста 2016 жылғы жастар чемпионатының жеңімпазы атанды.
Қазақстандықтың кәсіпқой бокстағы жекпе-жектерінің барлығы Канадада өтті.
Қазақстандықтың ісін Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы жүргізеді.
Сонымен қатар, бұл компанияда тағы үш қазақстандық бар - Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО), Нұрзат Сабыров (7-0, 6 КО) және Абылайхан Құсайынов (9-0, 6 КО).


Айта кетейік, Құсайынов та осы бокс кешінде жұдырықтасып, екінші раундта өзге мексикалықты нокаутқа түсірді.
Осылайша, ол әлемдік рейтингтің ТОП-100 боксшылар тізіміне кірді.
 

Жарнама

Живи спортом!