Бокс
4 ақпан 11:56
 

Қазақстандық чемпион қыз кәсіпқой боксқа кетті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық чемпион қыз кәсіпқой боксқа кетті ©instagram.com/safronovamilana1/

Қазақстандық бұрымды боксшы Милана Сафронова кәсіпқойға ауысатынын мәлімдеді. Ол Қазақстаннан шыққан алғашқы абсолют чемпион болуды мақсат етіп қойыпты. 

blog.share

Қазақстандық бұрымды боксшы Милана Сафронова кәсіпқойға ауысатынын мәлімдеді. Ол Қазақстаннан шыққан алғашқы абсолют чемпион болуды мақсат етіп қойыпты. 

"Мен әлемдік арнеаларда әрдайым отанымның туын көтеріп келдім, енді кәсіпқойда да солай етуге тырысамын, еліміздің даңқын асқақтатқым келеді. 

Менің жаңа жолым - жаңа мақсатым, Қазақстанна шыққан алғашқы абсолют чемпион атану.

Бірінші жаттығу лагерім Тайландта ең мықты бапкерлермен өтті. Ресми түрде кәсіпқой боксқа өтемін, жауырда жекпе-жегімнің күні туралы хабарлаймын.

Мықты командамның көмегімен мен чемпион атанып, бүкіл титулды отаныма алуп келуге дайынмын", - деп жазыпты ол.


Боксшы әуесқойда біраз жетістікке жеткен

Чиангмайда (Таиланд) өткен 2024 жылғы Азия чемпионатында Сафронова қола жүлде иеленді. 2021 жылғы құрлықтық жарыста Милана алтын алған. 2018, 2019 және 2020 жылы Сафронова Қазақстан чемпионы болған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!