Қазақстандық бұрымды чемпион қарсыласын өзі берілгенше сабады

Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (11-1, 5 КО) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (11-1, 5 КО) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Қазақстандық боксшы Мәскеуде өткен "IBA чемпиондар түні" турниріне қатысты. Сегіз раундтық айқаста Лукастың қарсыласы нигериялық Айисат Орийоми (9-0, 6 КО) болды.
Бұл жекпе-жек есептелген уақытының жартысына келіп тоқтады. Төртінші раундтан кейін қазақстандықтың қарсыласы ары қарай жұдырықтасудан бас тартты.
Осылай Ангелина техникалық нокаутпен жеңіске жетіп отыр. Ал оның қарсыласы карьерасында алғаш рет жеңілді.
Еске салайық, 2024 жылдың қазанында Ангелина Бангкокта өткен бокс кешінде аргентиналық Дебора Анаи Лопесті жеңіп, екінші өте жеңіл салмақта IBO титулын жеңіп алған болатын. Ал оған дейін WIBF және WBF титулдарын иеленген еді.
Жарнама