Қазақстандық бұрымды боксшының кәсіпқойдағы алғашқы қарсыласы ауысты
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукастың кәсіпқойда өткізетін алғашқы жекпе-жегінде қарсыласы ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукастың кәсіпқойда өткізетін алғашқы жекпе-жегінде қарсыласы ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұрымды боксшы 18 желтоқсан Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешіне қатысады. Бастапқыда Лукас украиналық Алена Гурьевамен (1-2, 0 КО) жұдырықтасу керек болған.
Алайда BoxRec.com сайтындағы ақпарат бойынша, қазақстандық боксшының қарсыласы өзге украиналық - Светлана Василевская екені көрсетілген. Ол үшін де алдағы айқас кәсіпқойдағы дебюті болмақ.
Айта кетейік, ивенттің басты оқиғасы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао (15-1, 4 КО) арасындағы IBO белбеуі үшін айқас болмақ.
Жарнама