Кеше Таиланд астанасы Бангкокта өткен бокс кешінде қазақстандық Ангелина Лукас ринг қожайыны Кадесара Джадпакдиді жеңген болатын, деп жазады Vesti.kz.
Ең жеңіл салмақтағы сегіз раундтық жекпе-жек төртіншісінде техникалық нокаутпен аяқталды.
Бұл 26 жастағы Ангелинаның кәсіпқойдағы жетінші жекпе-жегі, ол төртінші рет нокаутпен жеңіп отыр және бір рет жеңіліс тапқан. Ал жеті рет жеңіске жеткен Джадпакди осымен төртінші рет жеңіліп отыр және нокаутпен үшінші жеңілісі.