Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Әлім біріншілігінің 1/8 финалында Хальзова кореялық боксшы Сеон Сужинмен кездесті. 70 келіге дейінгі салмақта өткен бұл кездесудің үш раундын да отандасымыз өз бақылауында өткізіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Енді Хальзова ширек финалда 37 жастағы аустриялық Кайа Скотпен кездеседі.
Айта кетейік, бүгін шаршы алаңға тағы бір боксшымыз шығады. Ол - Ләззәт Күнгейбаева. Ауыр салмақтағы (+81 келі) қазақстандық боксшының қарсыласы түркиялық Сеннур Демир болады.