Бокс
10 шілде 2021 19:30
 

Қазақстандық боксшы өзбек қарсыласын бірінші раундта берілуге мәжбүр етті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы өзбек қарсыласын бірінші раундта берілуге мәжбүр етті Нұрбол Сұлтанбай. Сурет: Tapology

Қазақстандық боксшы Нұрбол Сұлтанбай (4-1-0) MTK Kazakhstan Алматыда ұйымдастырған бокс кешінде өзбекстандық Умурбек Бекназаровты (0-2-0) бірінші раундта жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Нұрбол Сұлтанбай (4-1-0) MTK Kazakhstan Алматыда ұйымдастырған бокс кешінде өзбекстандық Умурбек Бекназаровты (0-2-0) бірінші раундта жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Нұрбол қарсыласын бірінші раундта-ақ есеңгіретті, алайда, Бекназаров раунд соңына дейін шыдап берді. Дегенмен осыдан кейін ол ары қарай жұдырықтасудан бас тартты. 

Осылайша, қазақстандық боксшы карьерасында қатарынан бесінші жеңісіне жетіп отыр. Ал өзбекстандық боксшы үшінші рет жеңілді. 

Мұның алдындағы жекпе-жекте Ерсін Нұркенұлы мен Сағадат Рахманқұл (7-2-0) арасындағы айқас та осыған ұқсас аяқталды. Кәсіпқойда дебютін өткізген Ерсін бірінші раундта нокдаунға түсті де, екінші раунтан кейін рингке қайта шықпады. 

Жарнама

Живи спортом!