Бокс
1 наурыз 2024 13:41
 

Қазақстандық боксшы нокаутпен біткен айқастан кейін мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы нокаутпен біткен айқастан кейін мәлімдеме жасады ©instagram.com/angelina_lukas1997/

Қазақстандық бұрымды кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Бангкокта өткен жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық бұрымды кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Бангкокта өткен жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz.

Лукас сегіз раундтық айқастын төртінші раундында ринг қожайыны Кадесара Джадпакдиді техникалық нокаутпен жеңді.

"Бүгін кәсіпқой карьерамдағы жетінші жеңісіме жеттім, оны өзімнің сүйікті еліме арнаймын!

Қазіргі таңда менің карьерамда қиын кезең, қарсыластардың көбі менімен жұдырықтасуға келіспейді. 

Бангкокта жұдырықтасуға ұсыныс түскенде қарсыласпен оның елінде айқасу қаупі туралы ойладық. Алайда мен абсолют чемпион болғым келетіндіктен қарсылас таңдамауым керекпін деген шешімге келдім. Мен бәрін, олардың отанында болсын жеңіп отыруым қажет. Кәсіпқойда әлсіз қарсылас жоқ, бір секундта, бір соққы бәрін шешіп кетуі мүмкін. 

Мен нокаут немесе нокдаунмен жеңу керегімді білдім, әйтпесе маған жеңісті бермейтін еді. 

Бұл жеңісті өзімнің елім үшін жұлып алдым, алыста болсаңыздар да қолдауларыңызды сезіп тұрдым! Бәріне рахмет! Абсолют чемпионның титулдары үшін алға", - деп жазыпты ол өзінің Instagram желісінде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!