Қазақстандық боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы кәсіпқой рингте алғашқы қадамдарын жасауды жоспарлап отыр.
Қазақстан ұлттық құрамасының 63,5 келі салмақ дәрежесіндегі көшбасшысы 1 ақпан күні Таиланд астанасы Бангкокта өтетін халықаралық бокс кешіне қатысады. Бұл турнирді еліміздегі танымал Irfin Promotions промоутерлік компаниясы мен TL Boxing Promotion бірлесе ұйымдастырады.
Мұхамедсабыр Базарбайұлы 1 ақпан күні Бангкокта өтетін турнирге қатысадыӘзірше Мұхамедсабырдың қарсыласы белгісіз. Алайда бұл жекпе-жек бокс әлемінде маңызды оқиғаға айналуы мүмкін.
22 жастағы боксшы Олимпиада лицензиясын жеңіп алған болатынАйта кетейік, 22 жастағы қазақ боксшысы 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарына қатысып, жартылай финалға дейін жетіп, елімізге үлкен абырой әкелген. Бангкоктағы Олимпиада іріктеу турнирінде 1/4 финалға дейін жетіп, кубалық боксшы Эрисланди Альваресті нокдаунға түсірген болатын. Алайда ақтық кезеңде жеңіліп қалғанымен, жұбаныш финалында жеңіске жетіп, Олимпиада лицензиясын жеңіп алған еді.
Бокстың кәсіпқой әлемінде алғаш рет бақ сынайтын Мұхамедсабырдың болашағы зор екені сөзсіз.